• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Оқиға 26 Қазан, 2021

Павлодардағы жаппай төбелес пышақтаумен аяқталды

282 рет
көрсетілді

Павлодар тұрғыны өзіне ескерту айтқан қала тұрғындарын пышақтап тастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 24 қазан күні сағат 01:30 шамасында Павлов көшесі бойындағы көпқабатты үйдің жанында алкогольдік ішімдік ішкен азаматтар тәртіпсіздікке жол берген.

Осы үйде тұратын ер адам досымен бірге шығып, жігіттерге ескерту жасапты. Содан кейін жігіттер мен үй тұрғындарының арасында жанжал шығып, ол төбелеске ұласқан, жанжал барысында аталған мекенжайда тұратын екі жігіт пышақ жарақатын алған. Жәбірленушілер ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.