• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 27 Қазан, 2021

Екіжақты ынтымақтастықтың соны серпіні

231 рет
көрсетілді

Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Мажарстан Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Михай Варгамен кездесті. Келіссөздер барысында мемлекетаралық өзара іс-қимылдың тұрақты жұмыс істейтін институты – Қазақстан-Мажарстан Стратегиялық кеңесінің бесінші отырысы өтті.

«Мажарстан – Орталық және Шығыс Еуропа өңіріндегі бір­ден-бір сенімді стратегиялық әріп­тесіміз, достас әрі тарихы та­мыр­­лас мемлекет. Бүгінгі таңда екі мем­лекет арасында шешімін тап­паған ешқандай мәселе жоқ. Ел­деріміз арасындағы саяси диа­лог жоғары деңгейде. Қазақ­стан мен Мажарстан бір-бірінің халықаралық аренадағы бастамалары мен күш-жігерін қолдап келеді. Бұл өз кезегінде екіжақты және көпжақты өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға қолайлы жағдай тудырады», деді М.Тілеуберді.

Сыртқы істер министрі Қазақ­стан мен Мажарстан арасындағы саяси, сауда-экономикалық, ин­вестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылдың бүгінгі ахуалы мен одан әрі дамуының перспективаларын талқылағанын жеткізді.

«Біз өзара тиімді ынты­мақ­тас­тықты, ең алдымен экономикалық және инвестициялық өзара іс-қи­мылды тереңдету, сондай-ақ екіжақты сауданы ұлғайту ар­қылы оны одан әрі нығайтудың ма­ңыздылығын атап өттік. Ауыл шаруашылығы, энергетика, «жасыл экономика», денсаулық сақ­тау, білім және мәдениет сала­ла­рындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.

Мажарстаннан келген өкілетті бизнес-делегацияның және қазақ­стандық кәсіпкерлердің қаты­суымен ірі бизнес-форум өтті. Іс-шара барысында медициналық туризм, ауыл шаруашылығы, «жасыл энергетика», көлік және логистика салаларында бірқатар маңызды инвестициялық меморандумға қол қойылды. Біздің елдеріміз ко­ронавирус пандемиясы кезінде бір-біріне қолдау көрсетіп келеді», деді М.Тілеуберді.

Биылғы маусымнан бастап Қа­зақстан мен Мажарстан вакци­налау паспорттарын өзара тану жө­нінде уағдаластыққа қол жет­кізді. Осы орайда Сыртқы істер министрі QazVac вакцина­сын Мажарстан аумағында қолдану мүмкіндігін қарастыруды ұсынғанына тоқталды.

«Қыркүйекте Нұр-Сұлтан мен Будапешт арасындағы тұрақты әуе қатынасы қалпына келтірілді. Рейстерді WizzAir мажар әуе компаниясы орындайды. Жақында Үкімет шешімімен рейстердің жиілігі аптасына екі рейске дейін арттырылды. Осыған орай, мажар тарапына екінші рейсті Будапешт – Алматы – Будапешт бағыты бо­йынша іске қосуды ұсындық.

Бүгінгі таңда еліміздің 800-ден астам азаматы Мажарстанның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында білім алады. «Сти­пендиум Хунгарикум» мажар білім беру бағдарламасы шеңберінде мажар тілінде оқуға қызығушылық та­нытқан студенттер саны артып ке­летінін атап өту қажет», деді М.Тілеуберді.

Өз кезегінде Михай Вар­га пандемия жағдайы, эконо­ми­ка­лық мәселелер, мәдени ынты­мақтастық, білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелері тал­қы­­ланғанын атап өтті. Оның ай­туын­ша экономиканың қайтадан қар­қынды жұмыс істей бас­тауы екіжақты байланыстар­ды дамы­туға мүмкіндік береді. Сон­дай-ақ ол сапар аясында Қа­зақ­станға мажарстандық кәсіпкер­лер­дің үлкен делегациясы келгенін айтты.

«Бизнес-форумға 50-ден ас­там мажарстандық кәсіпкер қаты­сып, ынтымақтастық туралы келі­сімдерге қол қойды. Нақты ұсы­ныстарға келсек, Мажарстан үкі­меті энергетика, су ресурстарын басқару, медицина саласын­да ынтымақтастық жасауды көз­дейді», деді Михай Варга.

Мажарстаннан келген өкілдің сөзіне қарағанда, аталған елдің Қазақстанға экспорты кейінгі жыл­дары арта түскен. Соның ішін­де мажар елінен келетін тауар­лардың 70 пайызға жуығын дәрі-дәрмек, фармацевтикалық өнім­дер құрайды. Осы орайда, Михай Варга мажар тауар­ларына қазақстандықтардың қызы­ғу­шы­лығы бар екенін жеткізді. Сон­дай-ақ Қазақстанға қызығатын Ма­жар­стан кәсіпкерлерінің саны артып келе жатқанына да тоқталды.

«Қазақстандағы мажарстандық бес кәсіпорынның төртеуі фарма­цевтика саласында жұмыс істейді. Олар көп көлемде дәрі-дәр­мек экспортқа шығарады. Ынты­мақ­тастығымыз жаңа деңгейге көтерілді. Демек классикалық та­уар айналымынан басқа, инновация са­ласында да, ынтымақтастықта да, білім беруде де қарым-қаты­на­сымыз жақсарып келе жатыр», деді Михай Варга.

Екіжақты келіссөз қоры­тындысы бойынша Стратегиялық Ке­ңестің 5-ші отырысының хаттамасы қабылданды. Бұл екі ел арасындағы екіжақты және көпжақты форматтағы серіктестік қарым-қатынастарды тереңдетуге қосымша серпін бермек.