Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина алғандар туралы мәлімет жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 қазандағы мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентті 8 212 313 адам, II компонентті 7 393 113 адам салдырды.
Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында, қаладағы 989 921 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 931 567 адам екінші компонентін алған.
Екпе алудан екінші орында - Түркістан облысы. Өңірде 963 899 адам коронавирус вакцинасының І компонентін, 870 789 адам ІІ компонентін салдырған.
Үшінші орында Шығыс Қазақстан облысы – 860 074 адам екпенің бірінші бөлігін алса, 757 733 адам екінші бөлігін қабылдаған.