• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 27 Қазан, 2021

Қырғызстан Орталық Азияда әйелдер үшін ең қауіпті ел деп танылды

325 рет
көрсетілді

WPS (әйелдер үшін Бейбітшілік және қауіпсіздік индексі) рейтингіне сәйкес, Қырғызстан Орталық Азия республикалары арасындағы әйелдер үшін ең қауіпті ел болып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

170 мемлекеттегі әйелдердің жағдайы бағаланатын жаһандық рейтингте Қырғызстан Республикасы 97-ші орында болды. Тізімнің төменгі жағында Ауғанстан, Сирия, Йемен, Пәкістан, Ирак және басқалар бар. Финляндия, Норвегия, Дания және Люксембург әйелдер үшін ең қауіпсіз ел болды.

WPS индексін Джорджтаун әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік институты және PRIO гендерлік, бейбітшілік және қауіпсіздік орталығы Норвегия Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен жариялайды.

2021 жылдың басынан бастап Қырғызстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан әйелдер өлімінің бірнеше жағдайы тіркелді. 2020 жылы 21 әйел аталған жағдайлардың құрбаны болды.

Қырғызстан Бас прокуратурасының мәліметінше, 2019 жылы отбасылық зорлық-зомбылықтың 6 мың 145 фактісі тіркелген, 90% жағдайда әйелдер құрбан болады. 2020 жылы карантин кезінде коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты отбасылық зорлық-зомбылық фактілері 62%-ға артты.