• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 27 Қазан, 2021

Елордада «Сергек» камерасы орнатылған баған әйелдің үстіне құлады

262 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласы тұрғынының үстіне «Сергек» камерасы орнатылған металл баған құлады. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«23 қазан күні сағат 13:20-да Сығанақ көшесі, 11-де менің үстіме «Сергек» камерасы орнатылған металл бағаны құлады. Дер кезінде артқа қадам басуға үлгеріп, баған басыма тимеді. Шағыммен кімге жүгіну керек? Мен өлімнен бір қадам болдым», деп жазды ол Instagram желісінде.

Ауруханаға жүгінген әйелге гипс салынды. Оның айтуынша, ол жұмыссыз қалды.

«23 қазанда көлік жүретін бөлікті кесіп өту кезінде 45 жастағы әйел «Сергек» камерасымен жабдықталған бағанның металл құрылымының құлауы салдарынан аяғынан жарақат алды», деп хабарлады Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша «Есіл» аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК 306-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде.