Желіде жүкті әйелдерге КВИ-ге қарсы екпе олардың келісімінсіз салынады деген қауесет ақпарат тарады. Бұл ақпаратты Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Қазнет қолданушылары «22 қарашадан бастап жүкті әйелдерді COVID-19-ға қарсы вакцинациялай бастайды» деген хабар таратуда.
Бұл ретте хабарламада барлығын бірдей егу жоспарланып отырғандықтан, олардың вакцинациядан бас тартуы қабылданбайтыны айтылған.
Ақпаратты Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды.
«Жүкті әйелдерді вакцинациялау егілетіндердің ақпараттандырылған ерікті келісімінен кейін ғана жүзеге асырылатын болады. Бүгінгі күні жүкті әйелдерге КВИ-ге қарсы вакцина салынып жатқан жоқ», деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.