• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Ақпан, 2014

Қауіпсіздік жолындағы 95 жыл

374 рет
көрсетілді

Кеше еліміздің көлік полицей­лері Көлік полициясының құрыл­ғанына 95 жыл толу мереке­сін атап өтті. Салтанатты шараға де­пар­тамент басшылығы, жеке құрам мен ішкі істер органдарының ар­дагерлері қатысты. Іс-шара қыз­меттік борышын өтеу кезінде ер­лік­пен қаза тапқан әріптестерге ар­налған «Мәңгі ұмытылмас есім­дер» ескерткішіне гүл шоқ­та­рын қоюдан басталды. Жи­нал­ған­дар жеке құрамның мәң­гі­лік тізіміне енген ерлерді бір сәт үнсіздікпен еске алды. «Ал­ғаш­­қы құрылған күннен-ақ кө­лік милициясы еліміздің ішкі іс­­тер органдарының жетекші қыз­­меті болып саналды. Еліміз тәуел­­сіздік алған жылдары ішінде көлік сақшылары ел қауіпсіздігі мен өркендеуі жолында өздеріне жүктелген маңызды мемлекеттік міндеттерді абыроймен атқарды. Бұдан былай да департаменттің жеке құрамы мен оның бөлініс­терін­дегі қызметкерлердің құқық тәртібін нығайтып, азаматтардың заң­ды мүдделерінің қорғалуын қам­тамасыз ету үшін аянбай еңбек ете­тіндігіне сенім білдіремін», де­ді Көліктегі ІІД бастығы, по­ли­­­ция полковнигі Берік Бисен­құлов. Шара барысында ішкі істер органдарының ардагерлері мен ауған соғысының интерна­цио­налист-жауынгерлері де құт­тықтау сөз сөйлеп, көптеген қыз­мет­кер­лер марапатқа ие болды, деп ха­бар­лады Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.