• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
19 Ақпан, 2014

Интернеттегі іргелі іс

201 рет
көрсетілді

Кеше  Бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко мен Қазақстан Интернет қауымдастығының президенті Шавкат Сабиров өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Меморандумға қол қоюдың маңыздылығын айта отырып, Анд­рей Кравченко Бас про­ку­ра­тура мен Қазақстан Ин­тер­нет қауымдастығының бел­сен­ді әрекеттесуі прокуратура орган­дарының үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жолға қоюдың жалғасы болып табылатынын атап өтті.Тараптар Интернет желісінің қазақстандық сегментінде құқыққа қайшы контенттің таралуына қатысты өзекті мәселелерді шешуге ба­ғыт­талған күш-жігерді шоғыр­лан­дыруды көздеп отыр. Соңғы жылдары прокуратура органдары интернет-кеңістікте заңсыз материалдардың таралуының жолын кесу мақсатында 2011 жылдан бастап басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп 90 000-нан астам интернет-ресурстардың мониторингін жүзеге асырып, экстремизм және терроризм идея­ларын насихаттау, сондай-ақ, жарылғыш құрылғыларды қол­дан жасау әдістері туралы ақпараттарды таратудың анық­талған фактілері бойынша  жұ­мыс жүргізді. Астана және Ал­маты қалаларының соттары аталған мерзім ішінде 596 ин­тер­нет-ресурстың өнімін Қазақ­стан аумағында таратылуын заңсыз деп тану жөніндегі про­курорлардың арыздарын қана­ғаттандырды. Осылайша тараптар атқары­лып жатқан жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша бірлескен ұсыныстарды жүзеге асыру үшін өзара әрекеттесудің түрлі нысандарын пайдалану, ақпаратпен тұрақты алмасу, сондай-ақ, халықаралық тәжірибені пайдалану жөнінде келісті, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.