
Кездесу барысында Ержан Нүкежанов Қазақстанның конфессияаралық келісімді қамтамасыз етудегі тәжірибесі туралы айтып, діни экстремизмнің алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды.
Мубариз Гурбанлы Әзербайжандағы қазіргі діни ахуал және діни білім беру жөніндегі мемлекеттік комитет жұмысының негізгі бағыттары туралы хабардар етіп, діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізудің қазақстандық тәжірибесіне үлкен қызығушылық танытты.
Әзербайжан тарапы - әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съездерінің белсенді қатысушысы, оны өткізу бастамасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі.
Кездесуді қорытындылай келе, тараптар екіжақты тығыз қарым-қатынастарды одан әрі жалғастыруға ниеттерін білдірді.