• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 28 Қазан, 2021

Павлодарда жас жігітті ұрлады деген күдікті ұсталды

122 рет
көрсетілді

Полицейлер Павлодарда 21 жастағы жігітті ұрлап кеткен төрт адамды ұстады. Олардың автокөлігін Қарағанды облысының бір ауылының маңынан тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Такси жүргізушісі 25 қазанда кешке адам ұрланғанын хабарлады. Оның айтуынша, төрт жігіт оның жолаушысын басқа көлікке отырғызып, белгісіз бағытқа алып кеткен.

«Такси жүргізушісінің айтуы бойынша бағытты анықтадық. Дереу «ұстап алу» жоспары енгізіліп, өңірдің жеке құрамы мен жақын маңдағы облыстардың полиция департаменттері жұмылдырылды», деп хабарлады полициядан.

«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде 26 қазанда сағат 01.20 шамасында Қарағанды облысы Молодежное ауылының маңында күдікті көлікті Павлодар және Қарағанды облыстарының полиция қызметкерлері ұстады. 2000-2001 жылдары туған төрт күдікті ұсталды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды», деді Мәсімов.

Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 125-бабы 2-тармағы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Істің мән-жайы мен себептері анықталуда.

Тергеу жүргізіліп жатқан «Адам ұрлау» бабының санкциясы 4 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.