• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 28 Қазан, 2021

Қытай зымыранынан халықаралық қауымдастық қауіптеніп отыр

372 рет
көрсетілді

«Көптеген елдер секілді Қытайдың әскери модернизациясына және оның әскери белсенділігінің кеңеюіне Жапония да алаңдайды». Жапонияның Министрлер Кабинеті Бас хатшысының орынбасары Есихико Исодзаки баспасөз мәслихатында осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Біз АҚШ Қарулы күштерінің штаб бастықтары комитетінің төрағасы генерал Марк Миллидің айтқан сөздерін білеміз. Қытайдың зымыранға қарсы қорғанысты жеңе алатын шабуылдаушы күштерді құруға бағытталған гиперсониялық және ядролық қару технологиясының белсенді дамуын байқап отырмыз. Біз де құрлықтың басқа елдері сияқты халықаралық қауымдастықпен бірге Қытайдың әскери әлеуетінің тез нығаюына және оның әскери белсенділігінің кеңеюіне байланысты қауіпсіздік мәселесіне қатты алаңдаймыз», деді Есикихо Исодзаки.

Бұған дейін «Financial Times» басылымына сілтеме жасаған бірнеше БАҚ Қытай тамыз айында ядролық қаруды алып жүретін гиперсониялық зымыранды тексергенін және бұл американдық барлаушыларды таңғалдырғанын хабарлаған болатын. Алайда ҚХР СІМ өкілі Чжао Лицзян Қытай гиперсониялық зымыранды емес, ғарыш аппараттарын сынақтан өткізді деп мәлімдеген еді.