• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Медицина 28 Қазан, 2021

Елордада 2 отбасылық денсаулық орталығы ашылады

518 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлия Рүстемова елордада жыл соңына дейін 2 отбасылық денсаулық орталығы ашылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«2018-2020 жылдары аралығында жаяу 20 минуттық жердегі қолжетімділікті қамтамасыз ететін «Үйдегі дәрігер» 30 нысаны ашылды. Оның 25-і жеке инвестиция тарту арқылы жүзеге асырылды және 260 мыңнан астам тұрғынды қамтиды. Ал алтауы қаланың шеткері аймақтарында орналасқан. Биыл мұндай 10 нысан ашу жоспарланған», деді Әлия Рүстемова қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы отырысында.

Оның айтуынша, жыл соңына дейін 2 отбасылық денсаулық орталығы ашылады.

«Шипагер» отбасылық денсаулық орталығы» ЖШС-нің 2 нысаны бар. Біреуі Тұран даңғылы 55 мекенжайында орналасқан. Нысанға жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр және 15 желтоқсанда ашылады. Орталық 14 400 адамға қызмет көрсетеді. Келесі орталық - Сауран көшесі 15 мекенжайында. Ол жерде де жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр және қарашаның ортасында аяқталады. Онда шамамен 3,5 мың тұрғынға арналған екі учаске болады», деп нақтылады ол.