Петропавлда бес қабатты тұрғын үйдің балконынан өрт шығып, өрт сөндірушілер бір адамды құтқарып, 15 адамды қауіпсіз жерге шығаруға тура келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Чайковский көшесіндегі 13-үйде екі балконның жанып жатқандығы туралы хабарлама 101 нөміріне сағат 14.06-да түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер алдымен көк түтінге оранған пәтерден 51 жастағы ер адамды автосатының көмегімен алып шықты.
Сондай-ақ тағы 15 тұрғынды, соның ішінде 4 баланы қауіпсіз жерге шығарды.
«Өрт үйдің 3-қабатындағы балконнан шығып, үстіңгі қабаттың балконына ауысқан. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына сөндірілмеген темекі тұқылы себеп болуы мүмкін. Құтқарылған ер адам мас болды», дейді Петропавл қалалық № 3 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Ернар Рүстем.
Жалынмен күреске 6 техника және 25 адам жұмылдырылып, 20 минуттың ішінде толық сөндірілді. Құтқарылған ер адамның айтуынша, пәтерді бірнеше адам жалдап тұрады. Астаналық бригада Петропавлда құрылыс нысанында жұмыс істейді.