• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Қазан, 2021

Серік Шәпкенов «Еңбек - елдің мұраты» арнайы жобасы туралы айтты

1862 рет
көрсетілді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов «Еңбек – елдің мұраты» арнайы жобасы туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай» республикалық форумында сөз сөйлеген Еңбек министрі еңбек құндылығы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өсуі мен халықтың әл-ауқатының басты құрамдас бөлігі екенін атап өтті.

«Жыл басынан бері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында біздің министрлік «Еңбек – елдің мұраты» арнайы жобасын іске асыруда, оның мақсаты - қажырлы еңбектің арқасында жетістікке жеткен адамдардың беделін арттыру арқылы өскелең ұрпақтың еңбекқорлығын тәрбиелеу. Арнайы жобаны сапалы жүзеге асыру мақсатында мен нақты іс-шаралар жоспарын бекіттім», деді Серік Шапкенов.

Оның айтуынша, бүгінде еліміздің жалпы білім беретін оқу орындарында еңбек ардагерлері мен өткен жылдардағы «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік кезеңдерінің жеңімпаздарын тарта отырып, «Сенің таңдауың» жұмыспен қамту сабақтары өткізілуде, кәсіпорындар мен өндірістерде оқушылар үшін ашық есік күндері ұйымдастырылуда. Теледидар мен әлеуметтік желілерде еңбек әулеттері, үнемі жаңа білім мен дағдыларға үйреніп жүрген адамдар, сондай-ақ Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына елеулі үлес қосқан адамдар туралы хабарлар ұйымдастырылды.

«Мемлекет басшысы өзінің қыркүйек айындағы Жолдауында басты міндеттердің бірі жастардың бойында патриотизм, білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік, ынтымақтастық және жауапкершілік сияқты жалпыадамзаттық құндылықтарды дарыту болып табылатынын атап өтті. Бұл міндетті жүзеге асыруда біздің жастарымызбен күнделікті өмірлік тәжірибесі мен кәсібилігімен бөлісетін аға ұрпаққа, тәлімгерлерге маңызды рөл беріледі», деп атап өтті министр.