Қайғылы оқиға 28 қазан күні кешке болған.
«Volkswagen көлігінің 21 жастағы жүргізушісі жолға шығып кеткен 2012 жылы туған баланы қағып кетті. Бала алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды», деп хабарлады полиция.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазіргі уақытта жүргізуші ұсталып, УҰИ -ға қамауға алынды.