• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Қазан, 2021

Алматыда бір күнде үш мыңнан астам адам вакцина салдырды

191 рет
көрсетілді

Алматы қаласында бір тәулікте 3 211 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«28 қазан күні 3 211 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін – 1 305, II компонентін – 1 906 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 28 қазан аралығында қалада 993 509 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 936 542 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 120 464 адамның жасы 60-тан асқан», деп хабарлады басқармадан.

Қалада 137 пункт жұмыс істеп тұр. 733 адамнан тұратын 205 екпе бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.