• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Ауа райы 29 Қазан, 2021

Алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

433 рет
көрсетілді

Қазақстандық синоптиктер 30 қазан мен 1 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Болжам бойынша, қараша айы суық болады.

«Қазанның көп бөлігі қазақстандықтарды жылы күндермен қуантты. Ал күздің соңғы айы шуақты болмайды, тіпті оңтүстік өңірлер де нағыз күзгі ауа райын сезінеді: демалыс күндері Қазақстан аумағына солтүстік-батыс циклон әсер ететін болады, ол жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын әкеледі. Жел күшейіп, солтүстік облыстарда бұрқасын мен көктайғақ, сондай-ақ ауа температурасының төмендеуі күтіледі», делінген хабарламада.