• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Білім 29 Қазан, 2021

ҚР БҒМ 11 қабаттан секіріп кеткен оқушы қазасына байланысты түсінік берді

243 рет
көрсетілді

ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Алматыда 11-қабаттан секіріп кеткен оқушыға қатысты оқиғаға түсінік берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қайғылы жағдайда қаза тапқан 8-сынып оқушысының ата-аналары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде оқушының қайтыс болуына байланысты қарама-қайшы ақпарат тарап жатыр. ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері қаза тапқан оқушының ата-анасымен байланыста. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тергеу іс-шараларын жүргізуде. Тергеу мүддесі үшін жағдайдың егжей-тегжейі жария етілмейді»,  делінген комитет хабарламасында.

Мәлім етілгендей, тергеу нәтижелері бойынша қажетті шаралар қабылданатын болады. Тергеу амалдарынан кейінгі ресми қорытындыны күту қажет.

«Ата-аналарды, мұғалімдер мен мектеп басшыларын балалармен қарым-қатынаста асқан мейірімділік танытуға шақырамыз. Өйткені балаларымыздың өмірі мен денсаулығы қоғамның басты құндылығы болып табылады», деді ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінен.