Қазақстандық менеджер Саят Әбдірахманов Дамир Исмағұлов қатысатын жекпе-жек өтпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саят Әбдірахманов спортшының UFC 267 алдындағы салмақ өлшеу рәсімінде сәтсіздікке ұшырау себебін түсіндірді.
«Салмақ тастау кезінде денсаулығы нашарлады. Жаттығуды жалғастыруға мүмкіндігі болмады. Белгілі себептермен жекпе-жек тоқтатылды. Ең бастысы денсаулық, қалғаны кейін. Қазір Дамирдің жағдайы біртіндеп жақсарып келеді», деді Әбдірахманов.
Айта кетейік, Дамир Исмағұлов салмақ өлшеу кезеңінде жеңіл салмақ санатындағы межеден төрт келіге жуық асып түсті. Бүгінге дейін Исмағұлов төрт жекпе-жек өткізіп, төрт рет жеңіске жеткен.