• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 30 Қазан, 2021

Боксшылар салмақ өлшеу рәсімінде төбелесіп қалды

469 рет
көрсетілді

Ертең Нью-Йорктегі әйгілі «Madison Square Garden» аренасында кәсіпқой бокс кеші өтеді. Бұл  күні шаршы алаңға бірінші жартылай орта салмақтағы Пуэрто-Рико боксшысы Хосуе Варгас пен америкалық Хосе Сепеда көтеріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінде екі боксшы жанжалдасып қалды. Бетпе-бет кездесу болмай жатып, екі мықты бір-біріне жұдырық ала жүгірді. Абырой болғанда сілтеген қолдары бір-біріне тиген жоқ. Боксшыларды ажыратудың орнына екеуінің командасы да төбелеске кірісіп кете жаздады. Ринг сыртындағы «шайқасты» ұйымдастырушылар тоқтатты.