• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Қазан, 2021

Тоңазытқыш артына тығылып, мерт болды

970 рет
көрсетілді

Атырау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 30 қазанда қала маңындағы ауылдардың бірінің тұрғыны, 1953 жылы туған азаматша полицияға арыз беріп, оның 10 жасар немересі ойнап жүргенде тоңазытқыштың артына тығылып, электр тогы ұрғанын айтқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға орнына келген полицейлер баланың қайтыс болғанын көрген. Баланың қайтыс болу фактісі бойынша тексеру жүргізіледі. Денсаулық сақтау басқармасы «103» нөміріне қоңырау 14.45-те түскенін айтты. Жедел жәрдем жергілікті уақыт бойынша 14.51-де келген. 2011 жылы туған бала жедел жәрдем келгенге дейін алған жарақатынан мерт болған.