• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Қазан, 2021

Мың теңге берем деп, мұңға батты

914 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны колонияда жазасын өтеп жатқан ұлына жасырын жолмен ақша беруге тырысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әйел адам ЕС-164/3 мекемесінде жатқан ұлымен ұзақ уақытқа кездесуге келген. Жеке тексеру кезінде заттар мен азық-түлік арасындағы шоколад ішінен тексерушілер бір мың теңгені тауып алып, тәркіледі.

«Заңнамаға сәйкес материал жинап, шешім қабылдау үшін Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолдадық. Сот қаулысымен азаматшаға ескерту және ұлымен бір жыл уақытқа ұзақ кездесуден айыру түрінде әкімшілік жаза қолданылды» делінген баспасөз хабарламасында.