Заңсыз балық аулау тыйылмай тұр. Ақсу қаласының патрульдік полициясы қызметкерлері 188 кило балық аулаған екі азаматты ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ленин-Курчатов автожолында Ақсу қаласының патрульдік полициясы взводының қызметкерлері балық аулау ережелерін бұзғаны үшін қаланың екі тұрғынын ұстады. Олардан заттай дәлел ретінде резіңке қайық, салмағы 188 кило балық тәркіленді», деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұл факті бойынша екі әкімшілік материал құрастырылды. Алайда бұл заңсыз балық аулаудағы жалғыз дерек емес.