• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 01 Қараша, 2021

Декан орынбасары студент қызды масқараламақ болды

976 рет
көрсетілді

Өзбекстанда тәртіп сақшылары 3 курста оқитын студент қыздың ар-намысына нұқсан келтірмек болған Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті деканының жастар ісі жөніндегі орынбасарын ұстады, деп жазады Egemen.kz.

Жас қыз Зульфия сыйлығының байқауына қатысу үшін одан мінездеме мен рецензия алғысы келген.

«Бойжеткеннің айтуынша, кеңседен басқа адамдар шыққан кезде декан орынбасары шаршағанын айтып, оған кофе қайнатып беруін өтінген. Ол орындай бастаған сәтте орынбасар есікті ішінен жауып, жарықты өшірген. Қыз оғаш әрекеттен күдіктеніп, жедел жақын досына хабарласып, тез келуін өтінген. Кабинеттен кеткісі келген оны декан орынбасары ұстап алып, диванға жатқыза бастаған», деп жазылған Nemolchi.uz сайтындағы хабарламада. 

Сол сәтте есік сыртына жәбірленушінің досы келіп үлгереді. Айғайға басқан қыз, қарулы қолдан босанып, терезеге жүгіріп, көмекке шақырған.

Қыздың айтуынша, декан орынбасары сол кезде оны терезеден итеріп жіберген.

Қыз асфальтқа құлаған соң, декан орынбасары терезені жауып, есікті ашқан. Деканның орынбасары жиналғандарға қыздың өзі секіріп кеткенін айтқан.