• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Тағайындау 01 Қараша, 2021

Талғар қаласына жаңа әкім тағайындалды

809 рет
көрсетілді

Алматы облысы Талғар қаласы әкімін сайлауда Қайрат Исабаев жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қайрат Исабаев 53,5% дауыс жинап, Талғар қаласы әкімінің сайлауында жеңіске жетті. Талғар аудандық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлауға қатысу 58%-ды құрады», делінген хабарламада.

Талғар қаласының әкімі лауазымына үш кандидат дауысқа түсті: Абзал Сағымбекұлы сайлаушылардың 35,3% дауысын жинады, Ұлан Қызайбекке сайлаушылардың 7,7%-ы дауыс берді, барлығына қарсы – 1,6%.

Аудандық сайлау комиссиясының ақпараты бойынша, Қайрат Кәрімұлы Исабаев 1968 жылы туған, бұл лауазымға өзін өзі ұсынған, Қызылқайрат ауылының отбасылық дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі, Талғар қаласында тұрады.