• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Теннис 01 Қараша, 2021

Андрей Голубев әлемдік рейтингіде 28-орынға көтерілді

170 рет
көрсетілді

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, өткен аптада Санкт-Петербург турнирінің финалына дейін жеткен Андрей Голубев жұптық сында 35-тен 28-орынға көтерілді. Бұл оның жеке рекордтық көрсеткіші болып табылады.

Сондай-ақ Александр Недовесов жұптық сында 76-дан 75-ке жоғарылады. Жекелей рейтингіде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 34-тен 36-ға, Дмитрий Попко 162-ден 171-ге, Михаил Кукушкин 159-дан 177-ге сырғып кетті.

Тимофей Скатов 266-дан 264-ке көтерілсе, Денис Евсеев 390-шы, Бейбіт Жукаев 749-орында келеді.