• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Қараша, 2021

Алматы әуежайының бұрынғы қызметкерлері прокуратураға шағым түсірді

339 рет
көрсетілді

Алматы халықаралық әуежайының бұрынғы қызметкерлері Алматының Авиациялық көлік прокуратурасына заңсыз жұмыстан шығарылғандарын мәлімдеп, арыз жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әуежайдың бұрынғы қызметкерлерінің айтуынша, оларды жұмыстан ескертусіз шығарған. Ал олардың орнына біліксіз мамандар қабылданған. Авиация прокуратурасы бұрынғы қызметкерлердің арыздарын қабылдап, мәселені шешуге уәде берді.

Аталған мәселе бойынша Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі де ресми мәлімдеме жасады.

«Алматы халықаралық әуежайы» АҚ-ға қатысты бұрынғы қызметкерлердің соңғы шағымдары негізсіз. Қызметкерлер өз бастамасы бойынша жұмыстан босатылған. Олармен жасалған еңбек шарттары Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 49-бабының 5-тармақшасына сәйкес бұзылды», делінген ресми хабарламада.