• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Оқиға 01 Қараша, 2021

Бір отбасын түгел пышақтаған күдіктіні қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

183 рет
көрсетілді

Бір отбасындағы үш адамды өлтірген жігітке қатысты қылмыстық іс әлі де тергеліп жатыр. Сот күдіктіні қамауда үстау туралы санкция мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еске сала кетейік, 13 тамыз күні сағат 15:40 шамасында Қарағанды облысы, Шет ауданы Ағадыр кентіндегі жеке үйлердің бірінен денелерінде пышақ жарақаттары бар 58 жастағы үй иесімен оның 59 жастағы жолдасы және 21 жастағы қызының мәйіті табылған болатын.

«Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері осы іске қатысы бар деген күдікпен 33 жастағы адамды «ізін суытпай» ұстады. Ол арадағы сөзге келіспеушілік барысында жәбірленушілерге пышақ жарақатын салғанын мойындады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары аяқталмауына байланысты сот күдіктіні қамауда ұстау мерзімін созды. «Күдіктіге қатысты қолданылған «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы 3 айға созылды», деп мәлімдеді Қарағанды облыстық сотында.