• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Қараша, 2021

Қостанай автозауытында 150 мың көлік шығарылды

395 рет
көрсетілді

Қостанайдағы «Сары­арқа­АвтоПром» авто­мо­биль за­уы­ты­ның конве­йерінен 150 мы­ңыншы автомобиль шықты.

Мерейтойлық автокөлік қазақ­стандықтар арасында кең сұра­нысқа ие, Қазақстанның автомобиль нарығында көшбасшы болып тұр­ған Chevrolet Nexia моделіне тура келді. Мәселен, биылғы үш тоқ­санда көліктің осы түрінен 9 мың­нан астам автомобиль сатылды.

2021 жылдың тоғыз айда «СарыарқаАвтоПром» 38 мыңнан астам автомобиль шығарды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 147%-ға артық. Пандемияға қарамас­тан, автозауыт жылына 60 мың авто­көлік шығарып келеді.

Қостанай зауыты бүгінгі таңда JAC, Chevrolet, Kia, Renault, Lada, SAZ брендтердің өнімдерін шығарады.

Елдің ішкі нарығын қамтумен қатар, биыл отандық өндірістің 5 мың­нан астам көлігі Ресей Феде­ра­ция­сына, Қырғызстан, Өз­бек­стан, Әзербайжан мен Беларусь Рес­пуб­ликаларына экс­порт­қа жіберілді.

Кәсіпорынның табыстары мен жетістіктері – зауыт ұжымының кәсіби шеберлігі мен қажырлы еңбегінің жемісі. Қостанай зауытында 1800-ден астам адам жұмыс істейді, олардың SAP University-де тұрақты негізде оқу және біліктілігін арттыру мүмкіндігі бар.