Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 25 адам қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі деректерінде көрсетілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
«31.10.2021 жылы пневмонияның 7 жағдайы және 6 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 25 адам емделіп шықты. 2020 жылғы 13 наурыздан бері барлығы: ауырғандар - 79 659, 5042 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 68 942-ге жетті», делінген хабарламада.
2 қарашадағы мәлімет бойынша, 45 777 адам коронавирус инфекциясынан (40 102 КВИ+ және 5 675 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:
8 268 пациент стационарда, 37 509 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
540 адамның жағдайы ауыр, 171 пациенттің жағдайы өте ауыр, 110 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.