• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 02 Қараша, 2021

Көмір кезегін күтіп шаршаған азамат өзін өртемек болды

195 рет
көрсетілді

Өскемен қаласында бірнеше күн көмір кезегінде тұрған ер адам өзін-өзі өртеп жібермек болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға шаһардың сол жағалауында орналасқан теміржол тұйығында болған. «Полицияға қоңырау шалған азамат көмір кезегінде тұрған жүргізушілердің бірі көлік жолын жауып тастап, өзін-өзі өртеп жіберетіндігін айтып қорқытқаны туралы жеткізді. Сол жерге жеткен тәртіп сақшылары қолына канистр ұстаған ер адамды көрген», делінген хабарламада.

Соңынан анықталғандай, ол – Ұлан ауданының тұрғыны. Бірнеше күн көмір кезегінде тұрған.

«Полицейлер ер адамнан канистрді тартып алып, сабырға шақырды. Жергілікті атқарушы орган өкілдері мен сатушы компания оған көмірді кезексіз беру жайлы ұсыныс жасады. Кезекте тұрған басқа азаматтар бұған қарсы болған жоқ», делінген ақпаратта.

Сондай-ақ жолды жауып, басқа көліктердің жүруіне кедергі келтіргені үшін Ұлан ауданының тұрғынына 10 АЕК (1 АЕК – 2917 теңге) көлемінде айыппұл салынды.