• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 02 Қараша, 2021

Қырғыз Президентінің ұшағын Ұлыбританияның әуе кеңістігіне кіргізбей қойды

313 рет
көрсетілді

Садыр Жапаровтың ұшағы техникалық талаптарға сай келмегендіктен, Ұлыбританияға кіргізілмеді. Қырғызстан президенті жеке ұшақ жалдауға мәжбүр болды, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Бұған дейін рейс үшін бизнес-кластағы Embraer Lineage 1000 жеке ұшағы жалға алынғаны белгілі болған еді. Әуе лайнері Дубайдан келген компанияға тиесілі. 

Президент әкімшілігі Ту-154 ұшағы Еуропалық Одақ пен Ұлыбританияның техникалық стандарттарына сәйкес келмегенін хабарлады. 

«Осыған байланысты Қырғызстан тарапына аталған ұшақ түрін ел аумағына қондыру мүмкін еместігі туралы ескертілді», делінген хабарламада. 

Ұлыбританияның талаптарына сәйкес делегация жеке ұшақпен жеткен.  Айта кетейік, Садыр Жапаров бастаған Қырғызстан делегациясы БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясына қатысушылардың 26-шы конференциясына және әлем көшбасшыларының саммитіне қатысып жатыр.