• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Қараша, 2021

Елордада балаларға екпе салды деп мектепке баса-көктеп кірген әйелдерді сотқа берді

362 рет
көрсетілді

Елордадағы №58 мектеп басшылығы дәрігер Айна Бакеевамен соттаспақ. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Асыл Амангелдиева мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Елордада №58 мектептегі жағдай 5 қазан күні болды. Оқиға болған сәтте мектеп директоры қалалық әкімдікке жиналысқа кеткен. Осы уақытта мектепке 3 әйел келіп, шу шығарып, күзетшімен төбелескен. Басында олар мектеп директорымен кездесуге келгендерін айтқан. Келіспеушілік барысында олар мектеп күзетшісі мен медбикеге қол көтерген. Бүгінгі таңда мектеп басшылығы балаларға вакцина салып жатыр деген жалған ақпарат таратқаны және мектеп күзетшісі мен медбикеге қол көтергені үшін сотқа арызданды», деді Асыл Амангелдиева Білім және ғылыми министрлігінде өткен аппарат кеңесі жиынында.