• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 02 Қараша, 2021

Португалия пластикке тыйым салды

278 рет
көрсетілді

Португалияда бір рет қолданылатын пластик өнімдерін сатуға тыйым салу туралы заң күшіне енді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Португалияда бір рет қолданылатын пластик өнімдерін сатуға тыйым салатын үкімет қаулысы күшіне енді», делінген Синьхуа агенттігі таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ қаулыда сусындар мен азық-түлік орамдарына арналған стакандар тұтынуды 2026 жылдың соңына қарай 80%-ға және 2030 жылдың соңына қарай 90%-ға азайту міндеті қойылғаны атап өтілді.

Португалия Қоршаған ортаны қорғау министрлігі осы мақсатқа жету үшін азық-түлік пен сусындарды тұтыну үшін қайта пайдалануға болатын контейнерлер берілетінін атап өтті.