• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Әлем 03 Қараша, 2021

Тәліптер Ауғанстанда шетел валютасына тыйым салды

347 рет
көрсетілді

Ауғанстан билігіне келген «Талибан» қозғалысы (террорлық деп танылған және Қазақстанда тыйым салынған) күрделі экономикалық жағдайға байланысты елде айналымдағы шетел валютасын пайдалануға тыйым салды, деп мәлімдеді қозғалыстың өкілі Забихулла Муджахид, деп жазады Egemen.kz.

«Елдегі экономикалық жағдай мен ұлттық мүдделер барлық ауғандықтардың кез келген транзакцияда тек ауған валютасын (Ауғанстанның ақша бірлігін - ред.) пайдалануын талап етеді. Ислам Әмірлігі барлық азаматтарға, дүкен иелеріне, бизнесмендерге шетел валютасын пайдаланудан бас тартуды тапсырады», делінген Талибан өкілінің Twitter-де таратқан мәлімдемесінде.