2021 жылғы 2 қарашада Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысына Нұр-Сұлтан - Бішкек бағытында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіру мәселесі қаралды. Нәтижесінде «Эйр Астана» әуе компаниясы жақын арада екі ел астанасы арасындағы рейстерді қайта бастайтын болды. Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес E190-E2/A – 320 әуе кемелерімен орындалады.
Қазақстан
•
03 Қараша, 2021
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы әуе қатынасы жанданады
236 рет
көрсетілді