• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Қараша, 2021

БҰҰ алаңында гендерлік сұрақтар бойынша онлайн отырыс өтті

468 рет
көрсетілді

Пандемиядан кейінгі әлемдегі гендерлік теңдік мәселелері, гендерлік саясат және Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) бойынша сұрақтар SPECA жұмыс тобы өткізген онлайн отырыстың басты тақырыбы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Онлайн-отырысқа Қазақстанның, Әзербайжанның, Түркіменстанның, Қырғыз Республикасының және Өзбекстанның мемлекеттік органдарының, сондай-ақ БҰҰ ЕЭК, БҰҰ АТМЭӘК, халықаралық ҮЕҰ өкілдері қатысты.   Қатысушылар арасында COVID-19 пандемиясы кезінде саяси ден қою шараларын қабылдау мәселелері бойынша, сондай-ақ гендерлік теңдікті қамтамасыз ету саласында пайдалы тәжірибе алмасу болды.   Онлайн-отырысқа ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов қатысты. Ол Қазақстандағы Отбасылық-гендерлік саясаттың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының ерекшеліктері және оны орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы айтып берді. Тұжырымдама Мемлекет басшысының биылғы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындау аясында іске асырылады. Ш.Байманов Министрлік БҰҰ - әйелдермен бірлесіп, 2022-2024 жылдары Қазақстандағы барлық әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бойынша жобаны іске асыруды жоспарлап отырғанын атап өтті.   Мәселен, отбасылық-гендерлік саясатты іске асыруға азаматтық секторды белсенді түрде тарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Қазір Қазақстанның ҮЕҰ Дерекқорында гендерлік және отбасылық саясат мәселелерін шешумен тікелей айналысатын 106 ҮЕҰ тіркелген.   Сонымен қатар, отырыс барысында қатысушыларға БҰҰ ЕЭК және АТМЭӘК-тің тұрақты даму және гендерлік мәселелер жөніндегі бөлімі 2021 жылғы 15-17 қараша аралығында Ташкентте (Өзбекстан) гендерлік мәселелер жөнінде кеңес өткізуді жоспарлап отырғаны туралы хабарланды.