• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 03 Қараша, 2021

QazVac пен Спутник V вакцинасын салдырғандар АҚШ-қа кіре алмайды

369 рет
көрсетілді

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі шетел азаматтары үшін АҚШ-қа кірудің жаңа ережелері туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне дипломатиялық арналар арқылы келіп түскен ақпаратқа сәйкес, 2021 жылдың 8 қарашасынан бастап АҚШ-қа кіруге АҚШ-тың тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектердің сапасын санитариялық қадағалау басқармасы (FDA) немесе ДДСҰ мақұлдаған COVID-19-ға қарсы екпе алғанын растайтын сертификаты бар адамдарға ғана рұқсат етіледі. Бекітілген тізімге Pfizer-BioNTech, Moderna, Johnson&Johnson, AstraZeneca, Covishield, BIBP/Sinopharm, Sinovac секілді вакциналар кіреді», делінген СІМ хабарламасында.

Сыртқы саяси ведомствода сертификаттар вакцинацияға жауапты мемлекеттік орган бекіткен нұсқа бойынша рәсімделуі тиіс екені айтылды. Бұл құжаттардың түпнұсқа екенін авиакомпания қызметкерлері АҚШ-қа ұшқанға дейін тіркеу кезінде тексереді.

Жаңа талаптар 18 жасқа дейінгі балаларға, екпе салдыртуға қарсы көрсетілімдері барларға, сондай-ақ, дипломатиялық, қызметтік және транзиттік санаттағы визалары бар мемлекеттік қызметшілерге немесе олардың отбасы мүшелеріне және халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне қолданылмайды.