• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 03 Қараша, 2021

Қазақстан мен БАӘ-нің ынтымақтастығы туралы құжат талқыланады

279 рет
көрсетілді

Парламент Мәжілісі «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктері үкіметінің басым салалардағы жобаларды дамыту үшін ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік құру туралы бірлескен декларациясын ратификациялау туралы» заң жобасын қарайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Комитет осы Заң жобасы бойынша қорытынды дайындауға дайын», деді депутат Альберт Рау Мәжілістің жалпы отырысында.

Ол құжат энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы салаларына тікелей шетелдік инвестициялар тартуға бағытталғанын атап өтті.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Азат Перуашев елімізде жаңартылатын және дәстүрлі энергетиканың дамуына Біріккен Араб Әмірліктерімен үкіметаралық келісім серпін бере алатынын мәлімдеді.

Мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбеков те Біріккен Араб Әмірліктерімен инвестициялық ынтымақтастықты дамыту біздің елімізге тиімді екендігіне сенім білдірді. Себебі бұл жаңа кәсіпорындардың пайда болуына, озық технологияларды енгізуге және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді.