• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Қараша, 2021

Қазақстанда бензин қымбаттады

380 рет
көрсетілді

Қарашаға қарай Қазақстанда бензин қымбаттады. АИ-92 бағасы орта есеппен алғанда 178 теңгеге дейін өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Kolesa.kz сайты 2021 жылғы күзде елде дизель мәселесі шиеленіскені туралы жазды. Автокөлік жүргізушілері дизель тапшылығына ғана емес, бағаның едәуір өсуіне де шағымданды.

Басылым мәліметінше, күзге қарай барлық ірі жанармай құю бекеті дизель бағасын литріне 230 теңгеге дейін көтерген. Бұл ретте қысқы жанармайды сату бағасы - 370 теңге. Бұл Royal Petrol және Petrol Asia жанармай құю бекеттерінде есептелген сома. Бензин бағасына келетін болсақ, кейінгі айларда жағдай біршама тұрақталды. АИ-92 бағасы ұзақ уақыт бойы 168-175 теңге аралығында болған. АИ-92 бензиніне ең қымбат бағаны «Газпром» желісі ұсынған.

Алайда қазанның ортасынан бастап бензин бағасы да айтарлықтай өсе бастады.

«Мысалы, Helios жанармай құю бекеттерінде АИ-92 бағасы 20 қазан мен 1 қараша аралығында үш рет өзгерген - алдымен 173 теңгеден 174 теңгеге, содан кейін 177-ден 178 теңгеге», деп нақтылады басылым.