• RUB:
    5.31
  • USD:
    463.77
  • EUR:
    495.49
Басты сайтқа өту
Жекпе-жек 03 Қараша, 2021

Мақсат Қайсар UFC-мен келісімге келді

1060 рет
көрсетілді

Қытайда тұратын этникалық қазақ Мақсат Қайсар әйгілі UFC-мен келісімшарт жасасуға мүмкіндік беретін іріктеу шайқасында канадалық Ахилес Эстремадурмен сегізбұрышта кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тартысты өткен жекпе-жекте Мақсат Қайсар қарсыласынан айласын асырудың барлық амалын қолданды. Жойқын соққыларын дөп тигізе білген қандасымыз кездесу қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Мақсат Қайсар қарсыласын мерзімінен бұрын жеңбесе де, UFC жетекшісі Дана Уайт оған келісімшарт ұсыныпты. Қазақ оғлан Дана Уайттың ұсынысын қабыл алды.