Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Израильдің экс-Премьер-министрі Эхуд Баракпен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасындағы қарым-қатынастар үнемі жоғары деңгейде келе жатқанын және Қазақстан экономиканы, саясатты, инвестицияны қамтитын түрлі салалардағы өзара ықпалдастықты нығайтуға әрдайым мүдделілік танытқанын айтты.
Өз кезегінде Эхуд Барак денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, индустриялық-инновациялық даму салаларындағы ынтымақтастық үшін перспективалар барын атап өтіп, оның аясын бұдан әрі кеңейтуге үлес қосуға дайын екенін жеткізді.
Суретті түсіргендер
С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.