• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 04 Қараша, 2021

Ақ үй басшысы Сәуле Омарованы лауазымды қызметке ұсынды

636 рет
көрсетілді

АҚШ президенті Джо Байден ақша айналымын бақылау басқармасы басшысы қызметіне Сәуле Омарованы тағайындау туралы ұсынысты ресми түрде Сенат конгресінің қарауына енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Сенатқа жіберілген кандидатура: Сәуле Омарова ақша айналымын бақылау басқармасының басшысы қызметіне бес жылдық мерзімге ұсынылады, орынбасары - Джозеф Оттинг», делінген Ақ үйдің ресми сайтындағы құжатта.

Жақын арада сенаттың салалық комитеті Сәуле Омарованың кандидатурасын қарау туралы тыңдау өткізетінін хабарлайды. Одан кейін конгресмендер дауыс береді. Ал комитеттің ұсынысы енгізілгеннен кейін сенатта соңғы дауыс беру өтеді.

Сәуле Омарованың кандидатурасы мақұлданса, АҚШ-тағы ақша айналымын бақылау басқармасына (Office of the Comptroller of the Currency, OCC) алғаш рет әйел жетекшілік етеді. Аталған құрылым 1863 жылы құрылған болатын.

Айта кетейік, биыл тамыз айының басында АҚШ қаржы министрлігі валюталық бақылау басқармасының басшысы қызметіне Сәуле Омарованың кандидатурасы ұсынылғаны туралы ақпарат таратқан. Оған дейін осы қызметке үміткер екі адам болды. Алайда Демократиялық партияның ішінде өзара тартыс басталды. Ақ үй екі кандидатурадан да бас тартып, профессор Сәуле Омарованы қарастыруға кірісті.