• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Қараша, 2021

Шымкентте сәбіз өсірудің жаңа технологиясы пайдаланылады

609 рет
көрсетілді

Шымкентте ауыл шаруашылығы кәсіпкерлері және Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты өкілдерінің қатысуымен «Шымкент қаласының жасыл белдеуінің сұр топырақтарында сәбізді аулада өсіру технологиясын енгізу» жобасы бойынша семинар-кеңес өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жиынның мақсаты – Шымкенттің жасыл белдеуінің сұр топырақтарында сәбіздің қарқынды сорттарын өсірудің тарақты технологиясын енгізу, тамшылатып суғару әдісін қолдану, экологиялық таза өнім алу және тұрғындардың өзін-өзі жұмыспен қамту.

«Қаладағы жеке тұрғын үй телімдерінің 60%-да іргелік жерлері бар. Сол жерлерге инновациялық тәжірибені қолдана отырып, сәбіз егу арқылы отбасылық кәсіпті жүзеге асыруға да болады. Себебі асханалық сәбіз – құрамында дәрумені бар жетекші көкөніс дақылы ғана емес, техникалық дақыл ретінде де экономикалық маңызға ие», деп хабарлады Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі.

Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты жаңа технологияны «BES-TULIK» шаруақожалығына енгізуді көздеп отыр. Демек, ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру және жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуға мүмкіндік туады.