• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Қараша, 2021

2040 жылға қарай Қазақстанда су тапшылығы болуы мүмкін - Сенатор

455 рет
көрсетілді

Сенатор Әбдәлі Нұралиев су тапшылығына байланысты проблемалық мәселелерді көтеріп, Премьер-министр Асқар Маминнің атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz,

Сенатордың айтуынша, Қазақстанда 2040 жылға қарай ауыз су 50%-ға дейін тапшы болуы мүмкін.

Еліміздің тау көлдеріне «Қазгидромет» жүргізген көп жылдық бақылау нәтижесі бойынша өткен жылы қар жамылғысы айтарлықтай төмендегені анықталып отыр. Осыған байланысты біздің еліміздің және көрші мемлекеттердің көптеген су қоймаларында су деңгейі тұрақты түрде төмендеп келеді және бұл үрдіс соңғы үш жыл бойы сақталуда.

Сенатор өзінің депутаттық сауалында бірқатар нақты қадамдарды ұсынды.

«Су ресурстарының болжамды тапшылығын азайту мақсатында елімізде жер асты су қорларын зерттеу мен қайта бағалауды жандандыру қажет. Сондай-ақ, ұңғымаларды қазуға бөлінетін субсидиялардың көлемін ұлғайту керек. Одан басқа, Қазақстанның бірқатар облыстарын сумен қамтамасыз етіп отырған Шу және Талас өзендерінің бойынан Қырғыз Республикасының «Бурулдай» су қоймасы мен «Бала-Саруу» ГЭС-ін салу жоспарларына байланысты тиісті шараларды қарау қажет», деді Әбдәлі Нұралиев.