Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұзда өтіп жатқан моноқалаларды дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Моноқалаларды олардың әлеуеті негізінде үш топқа бөлу дұрыс деп санайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Моноқалаларды олардың әлеуеті негізінде үш топқа бөлу дұрыс деп санаймын. Бұл мәселеде барынша прагматикалық болу керек», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.