• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Бокс 04 Қараша, 2021

Махмұд Сабырхан үнді жігітін сабап тастады

604 рет
көрсетілді

Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші боксшымыз финалға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

54 кило салмақ дәрежесінде әлем чемпионатында жарқырап көрінген жаңа есім Махмұд Сабырхан жанкүйерлер артқан сенімді ақтады. Үш раунд бойы толассыз шабуылдаған қазақ оғланы өзінің шын шебер екенін көрсетіп, үнді жігіті Акаш Кумарды жеңді. Белград төрінде барын салып бокстасып жатқан Махмұд Сабырхан әлем чемпионы атануға әбден лайық боксшы.