• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Әдебиет 04 Қараша, 2021

«Бекет ата» – ағылшын тілінде

3637 рет
көрсетілді

Сан алуан таңғажайып қасиетімен ел-жұрттың жадында жатталған абыздың бірі – Бекет ата. Оның ғажайып қасиеті мен көрегендігі, сәуегейлігі мен сәулеткерлігі аңызға бергісіз әңгімелер желісі негізінде әлі күнге ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.

Қиналғанда аруағынан медет сұраған жанның тіле­гін қабыл еткен Бекет ата­ның сан қырын кейінгі ұр­паққа насихаттаушының бірі – Ислам қажы Мырзабек­ұлы. Абыздың кіндік қа­ны тамған киелі мекен – Жы­лыой ауданындағы Ақме­шіт қорымында ұзақ жыл шы­рақшы болған ол «Бекет ата» кітабын жарыққа шығарған еді. Енді дәл осы кітап ағыл­шын тіліне аударылып, оқыр­ман қо­лына тиді. 300 беттік кітап­тың таралымы – 1000 дана.

С.Өтебаев атындағы Аты­­рау мұнай және газ уни­вер­ситетінің ректоры Гүлзада Ша­куликованың айтуынша, бұл идеяны аталған оқу ордасында жұмыс істейтін «Болашақ» бағдарламасының түлектері қолға алыпты. Бір­неше шетел тілін мең­гер­ген жастар Ақмешіт қоры­мына барғанда осындай шешімге бекінген.

– Ұлы дала тарихы – хал­қымыздың мәңгі­лік мұрасы. Ұлттық құндылық­тар мен асыл мұраларды ұр­пақ­тан-ұр­паққа жеткізуді бар­ша­мыздың борышы­мыз деп ұғы­нуы­мыз керек. Сол себеп­тен ұлттық құн­ды­лық­тары­мызды ұлықтап қана қоймай, бабалардан жеткен шежірелі тарихымызды өзге тілде насихаттауды көздедік, – дейді Гүл­зада Шакуликова.

 

Атырау облысы