Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалы жалғасуда, деп хабарлайды Egemen.kz.
51 кило салмақ дәрежесінде шаршы алаңға көтерілген қазақ оғланы Сәкен Бибосынов тайландтық Танарат Саенгфетпен жұдырықтасты. Тартысты өткен жекпе-жекте тамаша тактика қолданып, өзінің бойы мен қолының ұзындығын ұтымды пайдалана білген Сәкен Бибосынов соққыларын дөп тигізіп, қарсыласынан айласын асырды. Олимпиада ойындарында қола медаль иеленген саңлақ енді әлем чемпионы атануды көздейді. Мақсатына жетуге Сәкеннің мүмкіндігі де мол.