• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Қараша, 2021

Түркі академиясы Ғылыми кеңесінің төрағалығын Түркия қабылдады

495 рет
көрсетілді

Бүгін, 4 қарашада Ыстамбұлда өткен Халықаралық Түркі академиясы Ғылыми кеңесінің ІV отырысы барысында іс басындағы төрағалықты Әзербайжан тарапынан Түркия қабылдап алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жиында сөз сөйлеген Академия президенті Дархан Қыдырәлі Әзербайжанның төрағалық ету кезінде пандемияға қарамастан көптеген іс-шаралардың сәтті жалғасқанын айтып, Әзербайжанның Білім министрі Эмин Амруллаевқа жемісті жұмысы үшін ризашылығын білдірді.

Төрағалықты қабылдап алған Түркия тарапы өз мерзімін сәтті жалғастыратынына сенім білдірді. Әзербайжанның Білім министрі Академия мен Ғылыми кеңес мүшелеріне ризашылығын білдіріп, Түркияның Ұлттық білім министрі Махмут Өзерге Төрағалық белгісін білдіретін тақтаны табыс етті.

Отырысқа Мажарстан - бақылаушы мәртебесінде, ал Өзбекстан тұңғыш рет қонақ ретінде қатысып, алдағы уақыттарда Түркі академиясының жұмысына мән беретінін жеткізді.

Отырыс қорытындысы бойынша Халықаралық Түркі академиясы Ғылыми кеңесінің V отырысын 2022 жылы Қазақстанда өткізу туралы шешім қабылданды.